«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Темір аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған, Темір ауданының Кеңесту және Тасқопа ауылдары әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Күнтізбелік жоспар Темір аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.