Темір ауданының Кеңесту және Тасқопа ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы жөнінде сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының  6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Кеңесту және Тасқопа ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөнінде мынадай сайлау округтері құрылсын:

 

  • Кеңесту сайлау округі – Кеңесту сайлау округінің аумағының шекарасында.
  • Тасқопа ауылдық округі – Тасқопа сайлау округінің аумағының шекарасында.

 

  1. Сайлау округтері мен олардың шекаралары, учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлері көрсетіле отырып, аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.
Темір ауданының Кеңесту және Тасқопа ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы жөнінде сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
05 марта 2025