«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 – бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Кеңесту және Тасқопа ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалсын.
- Темір ауданы Кеңесту және Тасқопа ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 6 наурызда басталып, 2025 жылғы 18 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
- Темір ауданы Кеңесту және Тасқопа ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 23 наурыз жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
- Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.