Аудандық жергілікті атқарушы органдармен 2024 жылдың IV-тоқсанында барлығы 757 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 677 қызмет электронды түрде көрсетіліп 89% - ды құрап отыр.
Темір ауданы бойынша 2024 жылдың III-тоқсанында электронды түрде «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша - 2 қызмет қажетті құжаттар тізбесі толық болмауына, қағаз түрінде «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша - 8 қызмет (күн көріс деңгейінен асып кету, тұғылықты мекен жайы дұрыс болмауы т.б.) дәлелді себептермен мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілеуден бас таратылды.
Негізсіз бас тартулар болмады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 64-тармағына сәйкес есептік нысаны бойынша:
Темір ауданы әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев пен аудан әкімі аппаратының басшысы А.Сисеновтың төрағалағымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және өзгерістері, жыл қорытындысы туралы отырыстар өткізілді. Отырыс барасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ережелерін мұқият оқу, көрсетілген талаптар бойынша жұмыс жасау тапсырмалары берілді.
2024 жылдың IV-тоқсанында жалпы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандық «Темір» газетіне 3 мақала жарияланды.