Мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру (Шубар акимат)

 «Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346)22760, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

            Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы, санаты E-G-2 (1 бірлік), ФСП-1.

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  263 131  теңгеден 302 255  теңгеге дейін.

           Функционалдық міндеттері: «Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметшілерінің еңбекақысын есептеу, аудару жұмыстарын жүргізу, мекемелермен есеп-қисап жұмыстарын жүргізу, әртүрлі салықтармен жұмыс жасап, бас есеп кітаптарын толтырып баланстық есебін тапсыру. Аудандық экономика және қаржы бөлімімен жұмыс жасау. Келісім-шарттардың орындалуын қадағалау.

            Мекеменің жылдық сатып алулар жоспарының жасақтауының және оны жүзеге асуын қадағалау. «Парус» базасымен жұмыстанып іс-құжаттарын жүргізу. Тенгерімдегі инвентарлық заттардың құндылық есебін жүргізу. ҚР         «Бюджеттік Кодексін» және 4 деңгейлі            бюджеттің түсімдерін бақылап, басшылыққа ала отырып            бюджет  қаржысының  мақсатты жұмсалуына бақылау жасау, бөлінген қаржыны уақытылы игеру.            Е-өтініш, ОДО, Е-қызмет, ЕССО, Парус,   Е-интернет желісін пайдалана білу мемлекеттік және ресми тілдерді жоғары деңгейде меңгеру. Ауылдық  округі әкімінің    басқа  да тапсырмаларын орындау. Блок «В».

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік бизнес, бизнес, басқару және құқық (экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) білім барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар: мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

           Жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

              Құжаттар қабылдау уақыты:  29.01.2025ж.- 31.01.2025ж.

Мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру (Шубар акимат)
Дата публикации
22 февраля 2025