«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
«Темір аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы» санаты E-R-1 (1 бірлік), Р-2.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 354 069 теңгеден 406 714 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Аудандық жер қатынастары бөлімінің жұмысына жалпы басшылық жасау, оның жұмысын ұйымдастыру. Өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Жер кодексі», «Салық кодексі», «Азаматтық Кодекс», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын басшылыққа алады. Жер кодексінің 13,16,18 және 19 баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда жер телімдерін жалға беру, жеке меншікке жерді сатып алу-сату, жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарды жасауды қамтамасыз етіп пайдалануға береді. Аудан аумағында жер ресурстарын басқаруда бірыңғай мемлекеттік саясатын жүргізу, жерге орналастыру жұмысын ұйымдастыру және жер учаскелерін құру, жер заңнамасын орындау. Басқа да табиғатты қорғау шаралары кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеп, тиісті өкілді органның бекітуіне енгізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Бүлінген жерге рекультивация жасау мен жерді зонаға бөлу жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту,жер учаскесі иелері мен жер пайдаланушылардың есебін жүргізу және аудан жерлерінің балансын жасау, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін немесе жер пайдалану құқығын сатуды (конкурс, аукцион арқылы) ұйымдастыру және жер қатынастары бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін бақылау және қадағалаут.б. бөлім туралы ережемен жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау. / Блок «А»
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (құқық); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (география); ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия және/немесе мелиорациялау, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қоргау және/немесе жерге орналастыру); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (кадастр және/немесе геодезия және картография және/немесе авиациялық техника және технологиялар).
Қажетті құзыреттер бойынша талаптар: мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Құжаттар қабылдау уақыты: 19.02.2025ж.- 21.02.2025ж.