ішкі конкурс туралы хабарландыру (Собес)

«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы»  санаты E-R-1 (1 бірлік), Р-3.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  354 069  теңгеден 406 714  теңгеге дейін.

           Функционалдық міндеттері:  Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысына жалпы басшылық жасау, оның жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі бойынша барлық бағдарламалар жұмысын ұйымдастыру және қадағалау. «Е-собес» бағдарламасына уақытылы енгізуге қажетті мәліметтерді қадағалау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2005 жылдың 20 шілдедегі № 754 қаулысының орындалуына басшылық жасау.

          Жергілікті округ әкімдерімен байланыс орнату, аудандағы әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қадағалау, тұрғындарды жұмыспен қамтудың аудандық бағдарламасын әзірлеу, еңбек биржасына тіркелген жұмыссыздарды мүмкіндігінше оқуға және жұмысқа орналастыру. Кедейшілікті азайту, жұмыспен қамту жөніндегі бағдарламаларды іске асыруды ұйымдастыру. Денсаулық сақтау, білім беру, мүгедектер қоғамы, халықтың әлеуметтік-қорғалатын топтарын әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасты жүзеге асырады, Әлеуметтік қызмет көрсетуді қажет ететін жұмысқа жарамсыз азаматтарға, жалғыз басты қарттарға, кемтар балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету. Үш жақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі және аудан әкімі жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға және пробация қызметі есебінде тұрған сотталған адамдарға көмек көрсету жөніндегі комиссиясын ұйымдастырады. Жоғарғы органдарға облыстық департаментке, аудандық әкімдікке есеп берілуін қадағалау. / Блок «А»

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі қызметтер (әлеуметтік жұмыс); бизнес, басқару және құқық (менеджмент, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, маркетинг, әлемдік экономика,  бағалау,  құқық,  экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит); педагогикалық ғылымдар (құқық және экономика негіздері,  педагогика және психология); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (психология).

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:  мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

               Құжаттар қабылдау уақыты: 6.02.2025ж.- 10.02.2025ж.

ішкі конкурс туралы хабарландыру (Собес)
Дата публикации
22 февраля 2025