«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 – бабына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алтықарасу ауылдық округінің әкімін сайлауы 2025 жылғы 23 ақпанға тағайындалсын.
- Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 16 қаңтарда басталып, 2025 жылғы 28 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
- Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 2 ақпан жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
4. Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.