Темір ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Темір аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы қаулы жобасы

«Темір аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Темір аудандық жастар ресурстық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы қаулы жобасы (бұдан әрі-қаулы жобасы) әзірленді.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Баспасөз-релиз
Дата публикации
03 декабря 2024