Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығы.
|
|
"Президент пен Үкімет |
Ескерту. Жарлықтың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.
1) Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің тендігіне қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
2) осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығында:
аталған Жарлықтағы 1-тармақта:
"Самақова - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Айткүл Байғазықызы қорғау министрi - Қазақстан
Республикасы Президентiнiң жанындағы
Отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi
ұлттық комиссияның төрайымы"
деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрi" және "Отбасы және әйелдер iсi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi" және "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;
2) Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.02.01 № 922 Жарлығымен.
3) Күші жойылды - ҚР Президентінің 2012.05.08 № 325 Жарлығымен.
4) "Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығында:
3 және 4-тармақтардағы "Отбасы және әйелдер iстерi" деген сөздер "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясындағы 1-бөлiмнiң "Iс-қимылдар стратегиясы" деген шағын бөлiмiнiң жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi комиссиялардың отбасы және гендерлiк саясат мәселелерiмен айналысатын хатшылары лауазымдарын енгiзу;".
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 425-құжат);
2) "Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 наурыздағы N 3395 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 11, 74-құжат);
3) "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияның дербес құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы
4 наурыздағы N 16 өкiмi;
4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 27 ақпандағы
N 314 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 45-құжат);
5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы
N 527 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 117-құжат).
7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.