Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия туралы

  1. Жалпы ережелер

1.Аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) аудан әкімінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

 

  1. Комиссияның негізгі міндеттері

      1) "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты", Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы мен Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың аясында, отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;

       2) мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен отбасының мүдделерiн қорғау, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын iске асыру мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасау;

       3) әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуал мәселелерiн талдау және Қазақстан Республикасындағы гендерлiк және отбасылық-демографиялық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша мемлекеттiк органдарға ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау;

       4) мыналарға:

       экономикалық салада әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге, әйелдер арасында кәсiпкерлiктi одан әрi дамытуға, еңбек нарығында әйелдердiң бәсекеге қабiлеттiлігiн арттыруға;

       еңбек қызметiн үй шаруасы мiндеттерiмен және бала тәрбиесiмен ұштастыру жөнiнде отбасы мүшелерiне жағдай жасауға;

       отбасы институтын нығайтуға, отбасы қарым-қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге;

       халықтың денсаулығын, оның iшiнде ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен бекемдеу, өмiр сүру деңгейiн арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеуге;

       отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түбiрiмен жоюға және ерлерге, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестiң халықаралық тәжiрибесiн енгізуге;

       халыққа гендерлiк бiлiм беру мен оқу-ағартуға, қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, саяси және мәдени өмiрiндегi отбасының, әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің нақты жағдайын талдау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргiзуге, ақпараттық базаны қалыптастыруға;

       демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу;

       5) Комиссияның құзыретiне кiретiн проблемалар бойынша мемлекеттiк органдардың, халықаралық ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын қарау, олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне тиiстi ұсынымдар дайындау;

       6) мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету жөнiнде Мемлекет басшысы үшiн ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау;

       7) Қазақстандағы отбасы және гендерлiк теңдiк жағдайы аспектiлерiнiң неғұрлым толық көрiнiс табуы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау;

       8) отбасы мәселелерiне, жыныстар теңдігінің сақталмауына қатысты азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;

       9) әйелдер, отбасы және демография мәселелерi жөнiндегi тұжырымдамаларды, мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;

Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия туралы
Дата публикации
26 ноября 2024