Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 «Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты E-G-3 (1 бірлік), $kod-3.

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  195 549  теңгеден 224 624  теңгеге дейін.

           Функционалдық міндеттері: 1.Ауыл шаруашылық құрылымдарын тіркеу және мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын ұйымдастыру , есептерін жүргізу. 2.Шаруа (фермер) қожалықтарының есепке алу кітабын жүргізу.3.Микрокредит         беру бағдарламаларына қатысуы   үшiн    табысы төмен            адамдарды анықтау. 4. Округте     жаңадан         шағын            және   орта кәсіпкерлікті тіркеу, есебін жүргізу, және округ бойынша       азық-түлік      бағаларының тұрақтылығын қадағалау. 5.Ауылшаруашылығы         жәрменкелерін,         мал күтімін    және   тұрғындарды мал      азығымен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру. 6.Бұқаралық        баспасөзге     жазылу жұмыстарын ұйымдастыру. 7. Қоғамдық Кеңес, ақсақалдар Кеңесі және әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жұмыстарын үйлестіру. 8. Е-халық бағдарлама жұмыстарын жүргізу. 9.Қазақстан            Республика    Президентінің           жыл сайынғы            Жолдаудауындағы   басты басымдықтармен міндеттерді халық арасында насихат жұмыстарын жүргізеді.    Блок «В».

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:  Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім, техникалық білім,  мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
05 ноября 2024