«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫНА СӘЙКЕС АУДАНДЫҚ «ТЕМІР» ГАЗЕТІНДЕ ШЫҒЫП ҚАЛҒАН ТЕМІР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ОРНЫНА САЙЛАНАТЫН КАНДИДАТТАРҒА БАСПАСӨЗ БЕТІНЕН ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ Е Р Е Ж Е

1.Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын орналастыру қара-ақ түсті орындауда 1 шаршы см құны — 350 теңге.

2.Үгіттік материалдарын орналастыру түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см құны — 400 теңге.

3.Үгіттік материалдарын газеттер сайттарында орналастыру құны – жалпы сомадан 50 %.

4.Темір аудандық мәслихатының депутаттығына кандитаттарына ұсынылатын мәтіндік, фото және т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттан сенімхаты бар тұлғаның қолы қойылады.

Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.

  1. Сайлауалды үгіт материалдарын бетке орналастыру (беру тәсілі) редакцияның қарауы бойынша жүргізіледі.

6.Үгіттік материалдарын газеттерде жариялау үшін күтілетін жарияланым күніне дейін 3 (үш күн) күнтізбелік күннен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

7.Мақалалар WORD форматында, фотосуреттер jpeg форматында қабылданады.

8.Жасалған шарт бойынша «Темір» газетінде орналастырылған үгіттік материалдары үшін ақы төлеу ұсынылған шоттың негізінде, берілген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Р.S. Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.

 

«Темір» газеті ЖШС.

ЕРЕЖЕ
Дата публикации
04 ноября 2024