Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 «Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

     Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты E-G-3 (1 бірлік), ФСП-4

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  195 549  теңгеден 224 624  теңгеге дейін.

           Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып жұмыстарды жүргізу. Мекеме теңгеріміне берілген                                       жылжымайтын мүліктердің құжаттарын рәсімдеу, әділет органдарында тіркеу жұмыстарын жүргізу. Мекеменің ұжымдық шартымен жұмыстану. Мекеметеңгеріміне қабылданатын               және берілетін мүліктердің, құралдардың алым-берім актілерін жасақтау. ҚР-ның Мемлекеттік сатып алу туралы заңын басшылыққа алып, мекеменің жылдық сатып алулар жоспарын жасақтап, оны жүзеге асыру. Қаржы айналымына байланысты қоғамдастық жиынын ұйымдастыру. Өңірлерді дамыту бағдарламасының құжаттарын жүргізу. Мемлекеттік сатып алу бойынша соттарда және басқа мемлекеттік органдарда мекеме мүддесін қорғау және талап жұмыстарын жүзеге асыру. Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі және қаржы бөлімімен бірлесе жұмыс жасау. «Ақпараттық                                       есептеу орталығы»        акционерлік қоғамымен жұмыс жүргізіп, есептерін тапсыру. Мүлікті ақысыз және ақылы жалға беру туралы келісім-шарттарға отыру.  Келісім-шарттардың орындалуын қадағалау. Аударма шоты, мекеме қызметкерлерінің іс- сапарға шығу куәліктерін тіркеу. Статистикалық және салықтық есептіліктерді жүргізу. Е-өтініш, ОДО, Е-қызмет, ЕССО, Парус, Е- минфин программаларында жұмыс жасай білу, интернет желісін пайдалана білу мемлекеттік және ресми тілдерді жоғары деңгейде меңгеру. Ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау. Блок «В».

хабарландыру
Дата публикации
11 сентября 2024