«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz,, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195 548 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Жер кодексі», «Салық кодексі», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын басшылыққа алады. Жер кодексінің 13,16,18 және 19 баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда жер телімдерін жалға беру, жеке меншікке жерді сатып алу-сату, жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарды жасауды қамтамасыз етіп пайдалануға береді. Жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарының есебін жүргізеді. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылуын немесе пайдаланбауын қадағалайды және бақылайды. ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету» заңын басшылыққа алып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді үнемі бақылап, қадағалап жұмысын жургізеді және айлық, жылдық есебін береді. Облыстық жер қатынастары басқармасына ақпарат және айлық, жылдық есебін береді. Салық органдарына белгілеген үлгіде мәлімет береді. Жер телімінің бар жоғы туралы анықтама береді. Қолданыстағы жер заңнамасы шеңберінде азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттар мен өтініштерді қарайды. «Жер кодексі», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», «Азаматтық Кодекс» Заңдарын басшылыққа алады. Селолық округ әкімдерінің жерге байланысты құжаттарын жинақтайды және әдістемелік жәрдем береді. Аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындайды. / /Блок «А»/