1.1. Осы конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №508 бұйрығына сәйкес әзірленді.
1.2. Конкурс Темір ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау мақсатында өткізіледі.
1.3. Темір ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы осы талаптар, конкурстық өтінімді дайындау және конкурсқа қатысуға үміткерлерге қажетті құжаттарды ресімдеу тәртібін айқындайды.
1.4. Осы конкурстық құжаттамада мынадай терминдер пайдаланылады:
Конкурсты ұйымдастырушы- " Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі " мемлекеттік мекемесі;
Конкурсқа қатысушы- қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызмет көрсететін мекемесі;
Комиссия- конкурс өткізу рәсімін орындайтын алқалы органы.
1.5. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау аумақтарын (лоттарын) әзірлеу негізінде жеке және заңды тұлғаларды қызмет көрсетілетін аумақтарын (лоттарды) тиісті жағдайда ұстау қажеттілігіне негізделген сапалы және тиімді қызмет көрсетумен қамтамасыз ету қағидаты жатыр.
1.6. Конкурс аумақтарын (лоттарының) сызбалары ауылдық округі әкімдерінің елді мекендердің шекаралары негізінде бекітіледі.
1.7. Конкурсқа қатысушылардың конкурс ұйымдастырушыдан схема алуға құқығы бар.
1.8. Конкурсқа қатысушыларды бағалау ұсынылған құжаттаманың толықтығына сәйкес жүргізіледі. Конкурс критерийлеріне неғұрлым сәйкес келетін қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады.
1.9. Конкурстың жеңімпазымен келісім-шарт комиссия шешімі негізінде уәкілетті органмен жасалады.
1.10. Қоқыс алаңдарында орнатылған қоқыс контейнерлеріне қызмет көрсету және жөндеу, қоқыс алаңдарын жөндеу, техникалық құралдарды сатып алу және қоқыс контейнерлері мен алаңдарын дезинсекциялау және дератизациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу жеңімпаз қатысушының есебінен жүзеге асырылады.
1.11. Елді мекендерді дамыту жолымен қызмет көрсету аумағы ұлғайған жағдайда конкурсқа қатысушы-жеңімпаз оларға (лотқа сәйкес) да қызмет көрсетуге міндеттенеді.