Санаты: А-3-3-1;
Лауазымдық жалақысы: қызмет өткерген жылдарына байланысты:
226 707 теңгеден 275 250 теңгеге дейін.
Педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) мәдениет ұйымдарында басшылық персонал лауазымдарда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін;
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі;
Қазақстан Республикасының заңдарын:
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»;
«Мәдениет туралы»;
«Мемлекеттік мүлік туралы»;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»;
«Мемлекеттік сатып алулар туралы».
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі (қосымшаларымен);
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелінген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурска қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жариялымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.
Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі 5 (әкімшілік ғимараты, 2 қабат, 28 кабинет) мекенжайы бойынша қабылданады (Темір аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі ММ).
Толық ақпаратты 8 (713 46) 22 2 44 телефоны бойынша алуға болады.