«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру - Эконом Жетек маман

«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz,, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

            «Темір аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы», санаты E-R-5 (1 бірлік), ТРОЭИФ-13

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  168 577 теңгеден 193 642  теңгеге дейін.

           Функционалдық міндеттері: «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асуына бақылау, басшылық жасау, оның тиісті заңдылығымен жүргізілуін ұйымдастыру. «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы негізінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бюджеттік несие және бір жолғы көтерме жәрдемақы алып келісім шарт талаптарын бұзған мамандардың ісін сотқа беру, сотқа берілген істер бойынша бөлім атынан сотқа қатысу. Соттың шешімдерін сот орындаушыларға мерзімінде жолдау, жұмыстарды ұйымдастыру. Бюджеттік несиені мерзімінде төлемеген, берешегі бар мамандарды анықтап, сот орындаушылар арқылы берешекті өндіру. Берешегі бар мамандармен соттың ұсынысы бойынша, медиациалық келісім шарттар дайындау. Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты мен регламенті жұмыстарын

жүргізу. «Салық салу» базасы бойынша жұмыс жасау. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің IV-ші деңгейлі бюджетке енгізілуіне байланысты жұмыстарын қадағалау және жүргізу. «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы бойынша жұмыстар жүргізу. Аудан бюджетінің орындалуы туралы жылдық есептер, тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет жобасын, тиісті өкілетті органдардың қатынасуымен аудандық бюджеттің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткіштерін әзірлеу, тоқсан сайын аудандық бюджетті, жоспарлау, нақтылау, аудандық бюджеттің түсімін болжамдау олардың орындалуын бақылау, салық салу базасын кеңейту мақсатында жасалатын іс-шаралар жоспарын қадағалау және оның орындалуын қамтамасыз ету. Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сонымен қатар сотқа жүгіну және сот актілерін орындау. «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» бойынша бөлімге келіп түскен азаматтардың ұсыныстарын, өтініштерін және шағымдарын уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз етеді. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын орындау барысында бөлімге келіп түскен азаматтардың ұсыныстарын, өтініштерін және шағымдарын уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз етеді. Бөлімнің кіріс және шығыс хаттарын тіркейді, есебін жүргізеді. «Блок «А».

Эконом Жетек маман
Дата публикации
04 июня 2024