Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру - Эконом Бас маман

 «Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

            Темір аудандық экономика және қаржы бөлімінің мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншікті басқару  секторының бас маманы E-R-4,  ТРОЭИБП-11

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  195 548  теңгеден 224 624  теңгеге дейін.

            Функционалдық міндеттері: ҚР заңнамасына сәйкес ауданның мемлекеттік коммуналдық мүлкін пайдалану, коммуналдық мүлікті мемлекеттік мекемелер арасында алым-берім бұйрықтарын жасақтау және оның орындалуын, заңдылығын қадағалау. Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша коммуналық меншіккке қатысты жұмыстарды іске асырады. Аудан аумағындағы иесіз деп танылған обьектілерді анықтап, заңның талаптарына сәйкес сотқа талап арыз беру. Соттың шешімдерін уақытылы орындау. Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүліктерді: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған: мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, сондай-ақ қайтыс болған адамнан мұрагерлiкке қалған, олжаларды, қараусыз қалған жануарларды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен, тәркіленген мүлікті, сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Соттардың, Мемлекеттік кірістер органдарының, Ішкі істер органдарының тексеріс барысында тәркілегенген заттар бойынша шығарлыған қаулыларын орындау. Соттың шешімдерін сот орындаушыларға мерзімінде жолдау, жұмыстарды ұйымдастыру. Жұмыстарды және қызметті мемлекеттік сатып алу мониторинг есебін жүргізіп, белгіленген уақытында хабарлап отыру. Қазақстандық мазмұны бар мемлекеттік сатып алу есебін және 1-ГЗ мемлекеттік сатып алу есебін мемлекеттік мекемелердің веб-порталға енгізуін қадағалау. Мемлекеттік мекемелердің ғимараттарындағы бөлімдердің жалға берілгенін анықтап, олармен жалға беру келісім-шарттарын жасақтап, төлемнің  уақытылы түсуін қадағалау. Коммуналдық меншік жұмыстарының есебін алуға жәрдем беру. Мекемелер бойынша негізгі қорлардың түгендеу есебін жүргізіп дайындау, бос иесіз объектілірді анықтап, реестрге енгізу, аукциондар өткізуді ұйымдастыру, аудан бойынша барлық мемлекеттік мекемесінің бір-бірімен алым-берім актісімен берілген коммуналдық мүлікті уақытында шығарып, балансқа алынғанына бақылау жүргізу,сатып алынған негізгі қорларына бұйрықтар жасақтау. Бөлімге орындалуға жіберілген Қаржы басқармасының және басқа да мекемелерден келген тапсырмаларды уақытында орындау. Бөлім бастығының функционалдық міндеттерінен басқа бір жолғы тапсырмаларын тиянақты уақытында орындау. Аудан бойынша мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алу есебін уақытында енгізуін, біріңғай есеп беру системасына /ЕССО/ уақытылы есептерін енгізуді бақылау, уақытылы мемлекеттік мүліктерге түгендеу жүргізулерін тапсыру.  /Блок «А»/

Эконом Бас маман
Дата публикации
04 июня 2024