«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz,, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
«Ақтөбе облысы Темір ауданы Қеңқияқ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің жетекші маманы (санаты E-G-4), /ААКСО-9/, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 168 577 теңгеден 193 642 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп-қисап жұмыстарын жүргізу, қаржы және қазынашылық бөлімімен бірлесіп жұмыс жасау, ауылдық округінің қызметкерлерінің, мекемелермен есеп-қисап жұмыстарын жүргізу, әртүрлі салықтармен жұмыс, есеп кітаптарын толтыру және айлық, жылдық есептерін дайындау. Мекемелерден аударатын бережақ, алажақ есептерді аудару, оны қадағалау. Аударма шоты, сенімхат, іс-сапарға шығу куәлігін тіркеп отыру. «Бюджеттік Кодекс», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарды басшылыққа алып жұмыс жасау, бөлінген қаржыны уақытында игеру. Мекемелермен келісім – шартқа тұру. Блок «В»