2024 жылғы 02 маусымдағы Темір ауданының Темір қаласы әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Темір ауданының Темір қаласының әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Темір қаласы
Темір қаласы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 1543 азамат енгізілді, олардың - 962 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 13, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 6.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Е.О. Далмагамбетов – 606, Г.Б. Нуртазина –108; Е.М. Сатаев – 229.
Далмагамбетов Еркин Оразбекович Темір қаласының әкімі болып сайланды. 1979 жылы дүниеге келген, Ақтөбе қаласы «Агрофирма «Коквест» ЖШС басшысының көмекшісі, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының тұрғыны, қазақ. «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігі ұсынған.
Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы