Ақтөбе облысы Темір ауданының Темір қаласы әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  Темір қаласы әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

 

  1. Сатаев Едиль Маратович, 1978 жылы дүниеге келген, Темір аудандық әкімі аппаратының бөлім басшысы, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кентінің тұрғыны, өзін – өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  2. Далмагамбетов Еркин Оразбекович, 1979 жылы дүниеге келген, Ақтөбе қаласы «Агрофирма «Коквест» ЖШС басшысының көмекшісі, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігі ұсынған.
  3. Нуртазина Гульнур Бейбитшиликовна, 1987 жылы дүниеге келген, Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бөлім басшысы, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінің тұрғыны, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы ұсынған.

 

Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ақтөбе облысы Темір ауданының Темір қаласы әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді
Дата публикации
10 мая 2024