Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру - Шубаркудык Глав.спец. Внут.конкурс

 «Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

            «Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қаржы-шаруашылық құрылымдық бөлімшесінің  бас маманы,  санаты Е–G–3, 1 бірлік, индекс  3-02-9,  (ФСП-5).

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  195 549  теңгеден 224 624  теңгеге дейін.

           Функционалдық міндеттері: Салық  салу  обьектілерін (жеке  және  заңды  тұлғалардың,  шаруа  қожалықтарының,  кәсіпкерлердің  мүлік,  көлік,  жер)  есепке  алу  және  тіркеу.    Салық  салу  обьектілерін (жеке  және  заңды  тұлғалардың,  шаруа  қожалықтарының,  кәсіпкерлердің  мүлік,  көлік,  жер) салықтарының  уақытылы  төленуін  қамтамасыз  ету,  жергілікті салықтарды  толық  жинау  барысында  аудандық  салық  басқармасымен  бірлесе  отырып жұмыс жүргізу, салықтардың  толық  төленуіне  қаржылық  бақылау  жасау.  «Салық  Кодексін» және төртінші деңгейлі бюджеттің кірістерін басшылыққа алып  салық  салу  базасын  кеңейту  мақсатында  іс-шаралар  жүргізу. Казақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес, жасалған құқық бұзушылық туралы әкімшілік өндіріс материалдарын жасақтап іс-құжаттарын жүргізіп есебін тапсыру. Е-өтініш, ОДО, Е-қызмет, ЕССО, Парус, Е-минфин, программаларында жұмыс жасай білу, интернет желісін пайдалана білу мемлекеттік және ресми тілдерді жоғары деңгейде меңгеру.  Ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау.    Блок «В».

Хабарландыру
Дата публикации
02 мая 2024