«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz,, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
«Темір аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, санаты E-R-1 (1 бірлік), Р-1.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 354 069 до 406 714 теңгеден 406 714 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметін ұйымдастыру, бақылау және жалпы басқару. Ауданның елді мекендерінің аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын іске асыру, республикалық және облыстық бюджеттердің қаражаты есебінен іске асырылатын құрылысқа сатып алу конкурстар өткізу және бірыңғай функцияларын орындау, құрылыс тапсырыс берушінің коммуникациялар және абаттандыру саласында бюджеттік әкімшіліктердің құрылыс саясатын енгізу. Бөлімнің қысқа мерзімді, орта және ұзақ мерзімді жобалау жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру. Мәслихатпен, аудан әкімі аппаратымен, сәулет және қала құрылысы мәселелері өзара іс-қимыл жасау. Қаражаттың мақсатты жөніндегі уәкілетті органдармен жұмсалуын бақылауды, азаматтарды қабылдау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру бөлігінде аудан аумағын индикативтік жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысады; сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы әртүрлі нысандарындағы құрылыс объектілерін орналастыру, дамыту және мамандандыру мәселелерін және басқа да мәселелерді қарауға қатысады және аудан әкімінің шешімдеріне тиісті негіздемелер, ұсынымдар мен құжаттарды дайындайды; ауданның кезекші жоспарын, жер асты коммуникацияларын орналастырудың тіркеу жоспарларын жасау және жүргізуін ұйымдастырады бойынша жұмыстарды асырады; құрылыс мониторингті жүзеге салудың кешенділігіне, аумақты функционалдық аймақтарға бөлуге және мониторингті пайдалану режиміне асырады; инженерлік іздестіру кезінде аудан аумағында орындалатын топографиялық-геодезиялық, инженерлік-геологиялық жұмыстардың және сейсмикалық аудандастыру на, осы жөніндегі жұмыстардың сапасы жұмыстарды жүргізу кезінде техникалық және метрологиялық талаптардың сақталуына мониторингті жүзеге асырады; белгіленген тәртіппен геодезиялық, топографиялық және геологиялық жұмыстарды жүргізудің техникалық деңгейін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізеді; қала құрылысы және сәулет шешімдерінің, құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігі мен пайдалану сенімділігіне бағытталған нормативтік-техникалық құжаттама талаптарының сақталуына, қолданылатын материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың сәйкестігіне мониторингті қамтамасыз етеді; қызыл желілерді және құрылыс салуды реттеудің басқа да желілерін, биік белгілерді, ғимараттардың, құрылыстар мен құрылыстардың осьтерін, инженерлік коммуникациялар трассаларын заттай (жергілікті жерге) шығаруды жүзеге асырады, сондай-ақ жергілікті жердегі жер учаскелерінің шекараларын белгілеуге қатысады; елді мекендерде және іргелес аумақтарда ауыл шаруашылығының мұқтажы үшін пайдаланылатын аумақтарға қатысты жерге орналастыру құжаттамасын келіседі; жеке және заңды тұлғалардың жобалау және құрылыс қызметіне жәрдемдеседі; жер учаскелері мен басқа да жылжымайтын мүлік объектілерінің конкурстары мен аукциондарын өткізу үшін құжаттарды дайындауға қатысады; қала құрылысы құжаттамасын әзірлеуге техникалық тапсырма береді; елді мекендерді жобалау, салу, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру мәселелерін реттейтін құжаттарды әзірлеуді, келісуді және белгіленген тәртіппен бекітуді ұйымдастырады; тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік органдарына тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін қорғау, реставрациялау және пайдалану, олардың қорғау аймақтары мен құрылыс салуды реттеу аймақтарын белгілеу, жөндеу- реставрациялаужұмыстарының жобаларын қарау және келісу және осы жұмыстардың жүргізілуін бақылау жөніндегі функцияларын жүзеге асыруға жәрдемдеседі; облыс әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі құрылымдық бөлімшесімен өзара іс- қимыл жасайды; халықты тіршілік ортасының жай-күйі және оның өзгеруі туралы ниеттері туралы хабардар етеді; сәулет-қала құрылысы қызметін жүзеге асыруда жариялылықты, олар бекітілгенге дейін қала құрылысы құжаттамасы мен қала құрылысы шешімдерінің жобаларын қарауға жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы Заңнамасының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына мониторингті жүзеге асырады; осы Ережеде айқындалған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де функцияларды орындайды. / Блок «А»
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі өнер және гуманитарлық ғылымдар (мүсін өнері және/немесе дизайн және/немесе графика); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет және құрылыс)
Қажетті құзыреттер бойынша талаптар: мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Құжаттар қабылдау уақыты: 26.04.2024ж.- 06.05.2024ж.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.