«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz,, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3), /ААКСО-7/, (индекс 3-07-3), 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Шаруашылық кітаптарын жүргізу. «Е-Халық» бағдарламасымен жұмыс жасау. Жер салығы, мүлік салығы және көлік салығының төлеушілерімен жұмыс жасау, заңды және жеке тұлғалардың салық төлемін толық және уақытында төлеуін қамтамасыз ету, заңды тұлғалармен, шаруа қожалықтармен жұмыс жүргізу. әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөнінде мәселелері туралы жұмыстар.
Аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-қағаздар /хаттамалар, карталар, зерттеу актілері/ жүргізу, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушылардың құжаттарын дайындау. Блок «В»