Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру Кенкияк Зам акима Внут.конкурс

 «Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

            Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі әкімінің орынбасары санаты Е–G–1, /индекс Р-9/, (1 бірлік).

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  305 232 теңгеден 350  615 теңгеге дейін. 

           Функционалдық міндеттері: Ауылды безендіру және көріктендіру жұмыстары, кіші және орта бизнесті дамыту, ауылшаруашылық және ветеринария бөлімімен жұмыс жасау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамту мәселелері. Саяси партиялар мен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жасау. Қоғамдық және діни ұйымдармен жұмыс. Ауылдық округі әкімінің шешімдері  орындалуына бақылау жүргізу. Тұрғындар арасында «Қазақстан - 2050» стратегиясын, ҚР Президенті мен Үкіметінің, облыс аудан әкімдерінің мемлекеттік саясатын түсіндіру және насихаттау. Ауылдық округі әкімінің жұмыс жоспарын дайындау, қоғамдық тәртіпті нығайту, өрт қауіпсіздігін сақтау  іс-қағаздарын жүргізу және далалық өрттің алдын алу, төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс мәселелері жөнінде жұмыстарын орындау, тәртіптік комиссияның  жұмыстары, жергілікті қауымдастықтың жұмысын ұйымдастыру және іс-қағазын жүргізу, ауылда орналасқан жылу, су, газ мекемелерімен бірлесіп жұмыс жасау, ауылдық округінің шаруашылық жұмыстарына  басшылық ету, көше жарығы және тазалық жұмыстарын ұйымдастыру. Баспасөзге жазылуды ұйымдастыру. Округтің паспортын дайындау.  Ауылдық округте өткізілетін мәдени, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру. Ауылдық округі әкімі аппаратына бөлінген бюджеттік қаражаттардың мақсатты және тиімді пайдалану, кассалық орындалуына және жүзеге асыру жұмыстарын қадағалау. Блок «А»

Хабарландыру
Дата публикации
02 мая 2024