«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz,, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы, (негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2025 жылдың 16.03. дейін), санаты Е-G-2, Р-7, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 263 131 теңгеден 302 255 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі әкімінің шешімдерін жүргізу мен өкімдерінің орындалуына бақылауын жүргізу, іс-құжат номенклатурасын дайындау, кіріс қатынастар мен арыздарға жауап қайтарылуын қадағалау, жер қатынастары бөлімімен жұмыс жасау, мекеменің мөрін, бұрыштамаларын дайындау және сақтау, «Е-Өтініш» бағдарламасы бойынша статистикалық есебін жүргізу және уақытында тапсыру. Сайлаушылардың тізімін жасақтау, іс қағазын жүргізіу.
Әскери шақырушылардың және әскери міндеттілерді есепке алу, олардың есебін жүргізу, уақытында әскери шақыру жұмыстарын ұйымдастыру, соғыс және еңбек ардагерлері туралы жұмыстар, олардың іс-құжаттарын жүргізіп отыру.
Ауылшаруашылық бөлімінен келген құжаттарға жауап беру. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыстану. Блок «А»