Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте Темір ауданы әкімдігінің «Темір аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Темір аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемеақысы 30% аспайтын көлемде белгіленсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шешім
Дата публикации
30 апреля 2024