«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Темір қ.

«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz,, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

            «Ақтөбе облысы Темір қаласы әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы санаты E-G-4 (1 бірлік), ААГТ-4.

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  168 577 теңгеден 193 642  теңгеге дейін.

           Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық  қорғаныс, сондай-ақ  жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Респбуликасы заңнамаларына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Ішкі саясат және әлеуметтік салалар бойынша жұмыстар атқару. Кіріс-шығыс құжаттарын тіркеу. «Электронды бұлтты құжат айналымы жүйесі» бағдарламасын жүргізу. Мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыру, жастар ісі жөніндегі жұмыстарын жүргізу. Әкімнің басқа да қызметтік тапсырмаларын орындау. «Блок «В»

Хабарландыру
Дата публикации
30 апреля 2024