«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру ҚАЙЫҢДЫ

«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz,, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

        «Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық әкімі аппараты»  ММ-нің жетекші  маманы (санаты E-G-4),   /индекс  3-06-3/, ААКСОТР-4.

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  168 577 теңгеден 193 642  теңгеге дейін.

           Функционалдық міндеттері: Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық, сауықтыру шараларын өткізу, қайырымдылық көрсетуді ұйымдастыру. Жалпыға бірдей әскери міндеттілікті есепке алу, азаматтық қорғанысқа жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру. Қоғамдық көлік қозғалысын қадағалау. Ауылдық округі әкімі жанындағы комиссиялардың жұмыстарын жүргізу. Жастар ісі жөніндегі жұмыстарды жүргізу, мәдени-спорттық шараларды ұйымдастыру.

Жалғыз басты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізуді ұйымдастыру. Микрокредит беру бағдарламаларына қатынасу үшін табысы төмен отбасыларын анықтау.

Жер, мүлік салықтарын және көлік салығын төлеушілерімен жұмыс жасау, шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту бойынша жұмыстарды жүргізу. Блок «В»

Хабарландыру
Дата публикации
30 апреля 2024