Темір ауданы әкімінің аппаратының, аудандық бөлімдерінің және қалалар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру АУЫЛ ШАРУ.

 «Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

            Темір ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4 (1 бірлік), ГТРОП-6

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  195 549  теңгеден 224 624  теңгеге дейін.

           Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы бойынша экономикалық және қаржылық сараптамаларын жасақтау. Бухгалтерлік есеп жүргізу, бухгалтерлік  және қаржылық есеп беруді уақытында қарастыру, салықтарды уақытында  аудару, бюджеттік қаржыландыру. Республикалық, облыстық, аудандық бюджет есебінен берілген қаржыларды уақытында мақсатты жұмсалуын бақылау. Бөлім бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру. Субсидия алатын ауыл шаруашылығы құрылымдарының жеке шоттарын базаға енгізу. Бөлімдегі мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкестігін бақылау. Мемлекеттік мекеменің теңгеріміндегі мүліктерге жауапты.   Блок «В».

Хабарландыру
Дата публикации
30 апреля 2024