«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Темір аудандық әкімі аппаратының ұйымдастыру және ақпараттық-талдау жұмыстары жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы /санаты E-3/, (1 бірлік), ООИИР-1
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 263 131 теңгеден 302 255 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және ақпараттық талдау бөліміне басшылық жасау. Аудан әкімінің және әкімдіктің ақпараттық- талдау, ұйым-дастырушылық және өзге де қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру. Аудан әкімдігіні алқа отырысы материалдарын жинақтап, дайындау және өткізілуіне басшылық жасау.Апталық, електорлық,бейнеконференция,алқа мәжілістерінің,конференциялар мен кеңестердің өткізілуін ұйымдастырушылық-техникалық дайындығын қамтамасыз етуін бақылау және хаттамаларын дайындау, кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуына басшылық жасау. Облыс әкімінің, аудан әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық және басқа да кеңестердің хаттамасын рәсімдеу және уақытында орындалуын бақылау. Облыс әкімінің ауданға іс-сапары кезіндеаралайтын нысандардың бағдарламасын дайын- дауды қадағалау. Аудан әкіміне қатысты іс-шаралар /құттықтау, кездесулер, келісім шарттар және т.б./ жұмыстарын ұйымдастыруға басшылық жасау.Аудан әкімінің халықпен есептік кездесуіндегі тұрғындардан түскен сын-ескертпелердің, ұсыныстардың іс-шарасын жасау, есебін беру, орындалуын қадағалап және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қадағалау. Бөлімнің құзырына жататын мәселелерге қатысты ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз етеді. «Қайнар» ақпараттық жүйесімен сайлау шылар тізімін жаңарту жұмыстарын жүргізу және есеп беруді қадағалау. Белгіленген тәртіппен аппарат басшысы- ның өзге де тапсырмаларын орындайды. /Блок «В»/