«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz,, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыстарын үйлестіру жөніндегі бас маманы санаты E-4, /ААТР-18/, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195 548 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстарын жүргізу. Аудан әкімінің және оның аппаратының мүліктік және басқа да заңды құқықтары жөніндегі мүддесін заңды құралдар арқылы қорғауға қатысады және нормативтік құқықтық актілерін жобасын дайындауға, ұсынылған актілердің заңдылыққа сәйкес болуын қадағалайды. Мемлекеттік тіркеуден өткізілуге жататын актілерді әділет органдарына тапсырады және аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілерін тиісті деңгейде жариялауын үйлестіреді. Аудан әкімі аппаратында әр тоқсан сайын құқықтық оқу ұйымдастырады, жоспарын жасап құжаттарын толтырады. Лауазымды қызметкерлеріне және дербес бөлімдеріне, қала, ауылдық округ әкімі аппаратына құқықтық жұмыстар жөнінде кеңестер береді. Пробация есебінде тұрған азаматтарды қабылдайды және құқықтық көмек көрсетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі іс шараларды үйлестіреді. Құқықтық қорғау саласындағы ведомствоаралық комиссияларының құжаттарын жинақтау. Құқықтық бұзушылық профилактикасы бағытындағы жұмыстарын үйлестіру және облыстық координациялық кеңес хаттамаларын жинақтайды және бақылайды. Аудан әкімінің құзырының шеңберіне сәйкес нормативтік- құқықтық актілердің жобасын заңға сәйкестігін тексеріп беру. ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, ҚР Президенті Әкімші- лігінен, Премьер-Министр Кеңсесінен, Парламенттен, облыс әкімдіктен және басқа да орталық атқарушы органдардың қаулыларының орындалуына бақылау жасау және басқа да заңгерлік жұмыстарды атқару. Аудан әкімінің және оның аппаратының мүліктік және басқа да заңды құқықтары жөніндегі мүддесін заңды құралдар арқылы қорғауға қатысады және сот органдарында мүддесін білдіреді. Облыстық координациялық кеңес хаттамаларын орындау және басқа да заңгерліңк жұмыстарды атқару. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік талапқа сәйкесті-гін бақылайды. Жарақсыз мемлекеттік рәміздерді заңға сәйкес жояды. Белгіленген тәртіппен аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды. /Блок «В»/