«Темір аудандық әкімінің аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8, анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22531, факс: 8(71346) 22576, e-mail: e.sataev@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4 (1 бірлік), ССП-2
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: 1. Кәсіподақ жұмыстарына қазақ – тілі қоғамы жұмысына басшылық жасау; 2. Аудандағы жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету, оның барлық жұмыстарына басшылық жасау 3. Парыз конкурсына қатысушыларды қадағалау 4. 2005 жылғы 20 қаңтардағы №36 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлы Отан соғысы жылдарында жұмыс істеген тыл еңбеккерлерінің өтілін анықтау» туралы қаулысының орындалуына басшылық жасау; 5. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге 8000 теңге және Жеңіс күніне орай көрсетілетін бір жолғы әлеуметтік көмектердің іске асыруын қамтамасыз ету және оған бақылау жасау, «Е-собес» программасына енгізу; 6. Аудандағы оралмандар мәселесімен айналысуға міндетті 7. Мекемедегі кіріс-шығыс қағаздарын реттеп отыру, келген-кеткен қатынас журналының жүргізілуін бақылау. 8. Үш жақты келісім шарттың ( аудан әкімі, аудандық кәсіподақ кеңесі және аудандық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы арасында ) жасалуына және сол бағыттағы шаралардың орындалуын қадағалау және оны жасау. 9. Ұжымдық шарттың мекемелер бойынша жасалуын ұйымдастыру; 10. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін жүргізу;
Блок «А».