«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 – бабына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Темір қаласының әкімін сайлауы 2024 жылғы 2 маусымға тағайындалсын.
- Темір ауданы Темір қаласының әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 25 сәуірден басталып, 2024 жылғы 7 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
- Темір ауданы Темір қаласының әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 12 мамырда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
4. Осы қаулы «Темір» газетінде және аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.