«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97–бабының 5–тармағына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Осы шешімнің 1–қосымшасына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
- Осы шешімнің 2–қосымшасына сәйкес Темір аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.