2023 жылғы 10 желтоқсан Темір ауданының Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 – бабының 9)тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Шұбарқұдық сайлау округі бойынша учаскелік сайлау комиссияларының, Темір ауданының Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде, Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 8671 азамат енгізілді, олардың 61 % дауыс берді.

Сауытов Бағдат Наурызұлы, 1993 жылы дүниеге келген, Шұбарқұдық ауылдық округі Шұбарқұдық кентінің тұрғыны, «Ауыл» партиясы ұсынған.. Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45 - бабына сәйкес 2023 жылғы 11 желтоқсандағы шешімімен, 2023 жылғы 10 желтоқсандағы сайланған Темір ауданының Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Хабарлама
Дата публикации
11 декабря 2023