Темір ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы  Экологиялық  кодексінің  365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және  өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи  ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізімінде  №24212 болып тіркелген) бұйрығына  және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін қатты тұрмыстық  қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу  әдістемесін  бекіту  туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №24382  болып тіркелген) бұйрығына  сәйкес,  Темір  аудандық   мәслихаты   ШЕШТІ:

  1. Темір ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.   

          2.Темір ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты  қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған  тарифтер  2 – қосымшаға сәйкес  бекітілсін.

  1. «Темір ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Темір аудандық мәслихатының 2023 жылғы  24  шілдедегі  № 65 шешімінің  күші  жойылды  деп  танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі.
Шешім
Дата публикации
28 ноября 2023