«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Ерназаров Бек Панабергенович, 1963 жылы дүниеге келген, Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ақсай ауылдық округі, Ақсай ауылының тұрғыны, «Ақжол» ХДП партиясы ұсынған.
- Молданиязов Куанай Жолбатырович, 1989 жылы дүниеге келген, Темір аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кентінің тұрғыны, өзін – өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
- Сауыт Бағдат Наурызұлы, 1993 жылы дүниеге келген, Темір ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кентінің тұрғыны, «Ауыл» ХДП партиясы ұсынған.
Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы