«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:
- Шұбарқұдық сайлау округі – Шұбарқұдық сайлау округінің аумағының шекарасында.
- Сайлау округі мен олардың шекаралары, учаскелік және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерлері аудандық «Темір» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.