Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1 тармағының  3) тармақшасына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2023 жылғы 2 қарашадан басталып, 2023 жылғы 14 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталсын.
  3. Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2023 жылғы 19 қарашада жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталсын.
  4. Осы қаулы аудандық «Темір» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Тағайындау туралы
Дата публикации
02 ноября 2023