Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 «Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 «Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5599 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:

көрсетілген шешіммен айқындалған Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібінде:

12-тармақта:

10) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«10) телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы                    28 шілдедегі №295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шешім
Дата публикации
18 октября 2023