2023 жылғы 15 қазан Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 – бабының 9 тармағына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Кеңқияқ сайлау округі бойынша учаскелік сайлау комиссияларының, Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде, Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3730 азамат енгізілді, олардың 19,6% дауыс берді.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Ермухамедова.А.Ж – 30,3%; Куанов.Ж.Е – 1,4%; Нургалиев.А.М – 1,9%, Серикжанов.К.С – 63,1%.

Серикжанов Куанышбек Серикжанович, 1983 жылы дүниеге келген, Кеңқияқ ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы, Кеңқияқ ауылдық округінің тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған. Ұлты қазақ. Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45 - бабына сәйкес 2023 жылғы 16 қазандағы шешімімен, 2023 жылғы 15 қазандағы сайланған Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 15 қазан Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті
Дата публикации
16 октября 2023