ХАБАРЛАМА 2023 жылғы 24 қыркүйек Темір ауданының Алтықарасу ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 – бабының 9)тармақшасына,              44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Алтықарасу  сайлау округі бойынша учаскелік сайлау комиссияларының, Темір ауданының Алтықарасу ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде, Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 680 азамат енгізілді, олардың 77,9% дауыс берді.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Адаев.Н.А. – 12,1%; Боранкулов.А.С. – 73,7%; Сатаев.Е.М. – 13,3%.

Боранкулов Адилбек Сайлауович, 1984 жылы дүниеге келген, «СНПС Ақтөбе мұнай-газ» АҚ механигі, Алтықарасу ауылдық округі Алтықарасу ауылының тұрғыны, Өзін-өзі ұсынған. Алтықарасу ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45 - бабына сәйкес 2023 жылғы 25 қыркүйектегі шешімімен, 2023 жылғы 24 қыркүйектегі сайланған Темір ауданының Алтықарасу ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ХАБАРЛАМА 2023 жылғы 24 қыркүйек Темір ауданының Алтықарасу ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті
Дата публикации
24 сентября 2023