«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кеңқияқ ауылдық округі әкімі лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Нургалиев Асылхан Муратович, 1989 жылы дүниеге келген, Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кентінің тұрғыны, өзін – өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
- Ермухамедова Асылгуль Жылкайдаровна, 1977 жылы дүниеге келген, «Зере бөбекжай-балабақшасы» меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы, Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі, Кеңқияқ ауылының тұрғыны, өзін – өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы