Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі лауазымына үш кандидаттан құжаттар келіп түсті:
- Нургалиев Асылхан Муратович, 1989 жылы дүниеге келген, Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кентінің тұрғыны, өзін – өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
- Куанов Жаик Ертлеуович, 1988 жылы дүниеге келген, Темір ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық ауылының тұрғыны, «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы ұсынған.
- Ермухамедова Асылгуль Жылкайдаровна, 1977 жылы дүниеге келген, «Зере бөбекжай-балабақшасы» меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы, Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі, Кеңқияқ ауылының тұрғыны, өзін – өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Кандидаттардың Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңының талаптарына, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жургізілуде.
Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы