Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінің әкімін мерзімінен бұрын сайлауын 15 қазан 2023 жылға дейін ұзарту туралы ҚАУЛЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына және 113-7-бабының 1-тармағына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Кеңкияқ ауылдық округінің әкімін сайлауы 2023 жылғы 15 қазанға дейін ұзартылсын.
  2. Темір ауданы Кеңкияқ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2023 жылғы 18 қыркүйекте басталып, 2023 жылғы 20 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
  3. Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2023 жылғы 24 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
  4. Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінің әкімін сайлауын мерзімінен бұрын тағайындау туралы 30.08.2023 жылғы № 28 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  5. Осы қаулы аудандық «Темір» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде орналастырылсын.

 

 

 

Темір аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                      Ә. Мұстафин                    

 

 Темір аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                   Н. Сафин

 

 

 

 

 

№ 33

2023 жылғы 17 қыркүйек

Шұбарқұдық кенті

Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінің әкімін мерзімінен бұрын сайлауын 15 қазан 2023 жылға дейін ұзарту туралы ҚАУЛЫ
Дата публикации
17 сентября 2023