Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттардың ұсынылуы туралы хабар

Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі лауазымына төрт   кандидаттан құжаттар келіп түсті:

 

  1. Нургалиев Асылхан Муратович, 1989 жылы дүниеге келген, Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кентінің тұрғыны, өзін – өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  2. Серикжанов Куанышбек Серикжанович, 1983 жылы дүниеге келген, Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ ауылдық округі, Кеңқияқ ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
  3. Кулмуханов Асылбек Серикович, 1986 жылы дүниеге келген, «Шұбарқұдық-Жылу» КМК-ның директорының орынбасары, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  4. Ермухамедова Асылгуль Жылкайдаровна, 1977 жылы дүниеге келген, «Зере бөбекжай-балабақшасы» меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы, Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі, Кеңқияқ ауылының тұрғыны, өзін – өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  5. Утегенов Макар Мендигалиевич, 1963 жылы дүниеге келген, «Ильяс» шаруа қожалығының басшысы, Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылдық округі, Шұбарши ауылының тұрғыны, өзін – өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

Кандидаттардың Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңының талаптарына, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жургізілуде.

 

                                                                       Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттардың ұсынылуы туралы хабар
Дата публикации
14 сентября 2023