Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Темір аудандық мәслихатының «Темір ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8333 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық
мәслихатының төрағасы Б.Шаимов