Темір ауданының Кеңкияқ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Темір аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. 2023 жылғы 8 қазанға тағайындалған Темір ауданының Кеңкияқ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Күнтізбелік жоспар Темір аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.
Темір ауданының Кеңкияқ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
30 августа 2023